Фаст-фудтың құрамы, денсаулықты құртады...

Фотография - Фаст-фудтың құрамы, денсаулықты құртады...

 Ұлыбританиядағы фаст-фуд дайындайтын танымал кәсіпорындарға жүргізілген тест-сынақ нәтижесі осындай мәлімдеме жасауға мәжбүрлеуде

212 0

Мейрамханалардан жедел тамақтануға мүмкіндік беру үшін дайындалған ас мәзіріне пайдаланылатын мұз құрсауының құрамы дәретхана суының құрамынан да төмен дәрежеде өте сапасыз жағдайда болатындығы анықталды. Ұлыбританиядағы фаст-фуд дайындайтын танымал кәсіпорындарға жүргізілген тест-сынақ нәтижесі осындай мәлімдеме жасауға мәжбүрлеуде.

Сынақ тәжірибесі мұз құрамындағы бектериялардың қауіптілігі дәретхана суындағы бактериялардан әлдеқайда жоғары болып шыққандығын көрсеткен. Информинг басылымының жазуынша, оның себебі фаст-фуд дайындау үшін қолданылатын «мұз машинасы» су құрамындағы бактерияларды тазартуға мүлдем қауқарсыз болып шыққан. Сондай-ақ, оған қызметкерлердің жұмысқа кірісер алдында қол жууды жиі ұмытып кететіндігін қосыңыз.

Тіпті, кей жағдайларда мұздатылған микроорганизмдер құрамындағы қауіптің екі есеге жоғары болатындығы да аз кездеспеген.

Сынақ-тәжірибеге қатысқан мамандардың барлығы да мұндай жағдайдағы микробтар адам денсаулығына аса қауіпті екендігін қатаң есертуде.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!