Жазда адамдар тартымдырақ келеді

Фотография - Жазда адамдар тартымдырақ келеді

Зерттеуге екі мың ересек адам қатысқан

158 0

 Британиялықтар жүргізген зерттеулер бойынша, жаздыгүні адамдар жылдың басқа мерзімдерімен салыстырғанда тартымдырақ, сенімдірек және денсаулықтары сырқатқа төзімдірек келеді, деп хабарлайды Росбалт.

Зерттеуге екі мың ересек адам қатысқан. Оларға жылдың әр мерзімінде суретке түскен төрт әйел мен төрт еркектің суретін бағалауға ұсынған. Зерттеуге қатысқан адамдардың үштен екісі (73%) қыста түскен суреттермен салыстырғанда жаздағы суреттерде тартымдырақ әрі бақытты көрінетіндігін айтқан. 50 пайызы жазда түскен суретте ерлер мен әйелдер дендері сау көрінеді десе, 37%-ы жетістікке жеткен әрі сенімді көрінеді деп баға берген.

Сауалнама жүргізілгендердің оннан алтысы ер адамдар жазда сенімдірек көрінетінін айтқан. Ал әйелдердің дәл осы жазда құлпырып кететінін барлық қатысушылар дерлік құптаған.

Сауалнаманы ұйымдастырушы доктор Кейт Тейлордың айтуынша, адамның көңіл-күйі оның жүзінен көрінеді, жалпы болмысына әсер етеді екен.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!