«СЭС-6» (SES-6) ғарыш аппараты мақсатты орбитаға шығарылды

Фотография - «СЭС-6» (SES-6) ғарыш аппараты мақсатты орбитаға шығарылды

Бұл туралы Роскосмостың баспасөз қызметінен хабарлады.

200 0

Бүгін ұшырылымның кестесіне сәйкес мәскеу уақыты бойынша сағат 04.49-да «СЭС-6» (SES-6) ғарыш аппараты «Бриз-М» үдеткіш блогынан ажыратылғаннан соң мақсатты орбитаға жеткізіліп, оны ұшыруға тапсырыс берушілердің басқаруына берілді. Бұл туралы Роскосмостың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бриз-М» үдеткіш блогы мен «Протон-М»  ғарыштық мақсатты зымыран «Байқоңыр» ғарыш айлағының 200-ші ұшыру алаңы кешенінен кеше мәскеу уақыты бойынша сағат 13.18-де зымыран-ғарыштық саласы кәсіпорындарының ұшыру есептеріне сәйкес ұшырылды. Бас блок зымыран-тасығыштың үшінші сатысынан ажыратылғаннан соң үдеткіш блоктағы қозғалтқыш құрылғысының жұмысы арқылы  «СЭС-6» орбитаға шығарылды.

«СЭС-6» (SES-6)  ғарыш аппараты Латын Америкасы мен Атлант мұхиты аумағында телевизиялақ хабар таратуға,  VSAT қызметтерін көрсетуге және сандық байланысқа арналған.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!