Лив тілінің соңғы тұяғы дүниеден өтті

Фотография - Лив тілінің соңғы тұяғы дүниеден өтті

Ғаламшардағы лив тілінің соңғы тұяғы Гризельда Кристинь103 жасында Канадада дүниеден өтті

209 0

Ғаламшардағы лив тілінің соңғы тұяғы Гризельда Кристинь103 жасында Канадада дүниеден өтті, деп хабарлады Лента.ру.

The Times басылымының жазуынша, бүгінгі таңда әлемде фин-угор тармағының осы тілінде сөйлейтін 40-қа жуық адам қалған, алайда олардың бәрі үшін лив  ана тілі емес.

Гризельда Кристинь Балтық жағалауында Вайде деп аталатын лив ауылында туылған. 1944 жылы ол отбасымен бірге Латвиядан Канадаға көшіп кетті. Соңғы жылдары ол тіл мамандарына осы тілді құжаттандыруға және лив оқулығын жасауға қатысты. Сондай-ақ ол ана тілінде өлеңдер жазып, бұл жұмысын қайтыс боларынан бір ай бұрын аяқтап шыққан.

Лив тілі фин-угор тілдерінің прибалтикалық-фин тармақшасына кіреді. Алайда туыстас тіл болғанмен эстондықтар да, финдер де бұл тілді онша түсіне бермейді. Лив тілінің өкілдері Балтық жағалауын мекендеген финн-угор тайпалары болды. Кейбір бағалаулар бойынша, олар бұл жерге тоғыз мың жылдай уақыт бұрын келіп орныққан.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!