Палеонтологтар Қытайдан ерте замандағы приматты тапты

Фотография - Палеонтологтар Қытайдан ерте замандағы приматты тапты

 Палеонтологтар көне замандағы приматтың қаңқасын тапты. Ол Қытайдың Хубэй провинциясында 55 млн. жыл бұрын, эоцен дәуірі басталар алдында өмір сүрген сүтқоректі жануарлар болып шықты.

309 0

 Палеонтологтар көне замандағы приматтың қаңқасын тапты. Ол Қытайдың Хубэй провинциясында 55 млн. жыл бұрын, эоцен дәуірі басталар алдында өмір сүрген сүтқоректі жануарлар болып шықты.

«Архицебустар бүгінде бар және жоқ болып кеткен приматтардың бәрінен айтарлықтай өзгеше. Ол бізді маймылдар эволюциясының барлық тарихын қайта жазып шығуға мәжбүр етеді», – деді АҚШ-тың Питтсбург қаласындағы Карнеги ұлттық музейінен Кристоффер Бирд.

Бирд пен оның әріптестері бірнеше жылдан бері жер бетіндегі ең ежелгі приматты табу жолында табанды ізденістер жүргізіп келеді. Осылайша олар бұдан бір жыл бұрын Мьянма жерінен Afzajia djijdae атты кейінгі эоцен дәуірі тұқымының қалдықтарына жолықты. Бұл примат ғалымдардың көзін алғашқы тіршілік иелерінің Африкада емес, Азияда пайда болғанына жеткізді. Ал билығы жылы палеонтологтар осы жорамалды дәлелдей түсу үшін Янцзы өзенінің жағасында қазба жұмыстарын жүргізді.

Ғалымдар кеуіп кеткен көлдің түбін қазып жатып, салмағы 30 грамнан аспайтын шағын жауынгердің қаңқасына кезікті. Тас болып қатқан қаңқаның шағындығы мен өзгеше жағдайы палеонтологтарға бұл жынысты рентген көмегімен қарау арқылы склеттің үш қырлы кескінін қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Оны Гренобльдегі Еуропа синхотронды сәулелер орталығы жасап шықты.

Қаңқаның құрылымын терең зерттегенғалымдар бір өзінде маймылдың да, лемурдың да белгілері бар өте көне замандағы приматқа жолыққандарын ұқты. Қаңқаның жанындағы жыныстарға қарағанда, оның өмір сүрген уақыты бізді бұдан 55 жыл бұрын ілгеріге алып барады. Оны бүгінгі таңдағы ең көне примат деп тануға әбден болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!