Еркектің босану процесіне қатысуы денсаулыққа зиян - ғалымдар

Фотография - Еркектің босану процесіне қатысуы денсаулыққа зиян - ғалымдар

 Серіктестік босану, яғни әйел босанған кезде күйеуінің жанында болуы - ер азаматтың денсаулығына үлкен зиян келтіруі мүмкін.

1116 0

 Серіктестік босану, яғни әйел босанған кезде күйеуінің жанында болуы - ер азаматтың денсаулығына үлкен зиян келтіруі мүмкін.

Бірнеше зерттеу жұмыстарын жүргізген британдық ғалымдар осылай деп отыр. Әдетте ер адамның жүйкесі әйелдікіне қарағанда тұрақты деп саналады. Дегенмен, босану процесін өз көзімен бақылаған еркектердің жүйкесі дереу сыр беруі ғажап емес. Дәл осы сәтте босану бөлмесіндегі ер азамат әйелінің алған күйзелісінен кем күйзеліс алмайды дейді ғалымдар. Оның үстіне, еркектердің жүйкесі мұндай жайттарға алдын ала дайын болмайды. Ал, әйелді табиғаттың өзі туғанынан бастап дайындап өсіретін көрінеді.

Зерттеу жүргізген ғалымдар анықтағандай, босану процесінен күйзеліс алған ер азаматтар соғысқа қатысқандай жағдайда болған. Әйелдер босанғаннан кейін өздеріне тез келсе, ерлер күйзелістен ұзақ уақытқа дейін шыға алмайды екен.

Сондықтан, әйелдер босану бөлмесіне күйеуін кіргізбестен бұрын жақсылап ойланғаны жөн!


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!