Оралдағы студенттің «Ашыған сүттен мата жасау» жобасы мемлекеттік қолдауға ие болды

Фотография - Оралдағы студенттің «Ашыған сүттен мата жасау» жобасы мемлекеттік қолдауға ие болды

Облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімовтің төрағалығымен өткен аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында несиесінің жалпы шамасы 474,6 млн. теңге болатын 5 жоба қаралып, мақұлданды.

442 0

Облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімовтің төрағалығымен өткен аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында несиесінің жалпы шамасы 474,6 млн. теңге болатын 5 жоба қаралып, мақұлданды.

Осы жаңа жобаларды қоса алғанда  «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша  өңірде жалпы құны  235 млрд. теңгенің 231 жобасына мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Жол жөндеу жұмыстарымен айналысатын «Uniserv» ЖШС-ның «Арнайы техниканы және өнімділігі 160 тонна/сағаттық «КредМаш ДС» маркалы-169-3 мобильді асфальт зауытын сатып алу» жобасы  бойынша кәсіпкердің банктен алған несиесінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға оң шешім шығарылды.  «Uniserv-Trans» ЖШС компаниясының «Жүкті тасымалдауға арналған автокөліктерді және оларды жөндейтін цех ұйымдастыру үшін (ауданы 1,660 га жер телімі бар өндірістік және әкімшілік ғимараттар, 6 жүк көлігін) жылжымайтын мүлікті сатып алу» жобасы да мақұлданды. «Абубакиров Ю. З.» ЖК-нің Шыңғырлау-Орал бағытында жолаушы тасымалдауға қажетті жаңа автобус сатып алу жобасына мемлекеттік қолдау көрсетілетін болды. Сондай-ақ темір есік шығаратын «Броня» ЖК-нің өнім сапасын жақсартуға бағытталған «Базаны жөндеу және өнім өндіруге қажетті жабдықтар сатып алу» жобасы бойынша кәсіпкер несиесінің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланады. «Кәсіпкерлікті қолдау орталығы» ЖШС «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес бастамаларын қолдау» бірінші бағыты бойынша индустриалды-инфрақұрылымды жүргізу жобасы мақұлданды. Бұл жоба бойынша Достық даңғылы, 194 мекенжайындағы Халықаралық бизнес орталығы ғимаратына жалғас салынған спорт зал нысанының құрылысына кірме жол салуға қолдау көрсетілмек.

Кеңес отырысында «Атамекен» одағы» Ұлттық-экономикалық палатасы» ЗТБ-ның БҚ филиалынан ұсынылған жастардың тартымды екі жобасы қаралды. Оның біріншісі спорт туралы мағлұматтарды қамтитын веб-сайт жасау болса, екіншісі студент Асқар Алдамжаровтың «Ашыған сүттен мата жасау» жобалары. Мұндай технологиялар елімізде жоқ. Сүттен мата жасау технологиясы Германияда пайдаланылуда. Экологиялық жағынан таза өнімді тігін өндірісінде және медицина саласында пайдалануға болады. Жас инноваторларға кеңес мүшелері жобаны жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар берді және алдағы 18 маусымда Оралға инновациялық форсаж автобусы келетіні айтылып, соның қабылдауына шақырды.

Жастардың және жергілікті ғалымдардың инновациялық жобаларымен жақынырақ танысу үшін үйлестіру кеңесінің келесі отырысы Оралдағы жоғары оқу орындарында кезекпен өткізілетін болды.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!