Шаңырақтың шайқалуына 80 пайыз Facebook кінәлі

Фотография - Шаңырақтың шайқалуына 80 пайыз Facebook кінәлі

Facebook әлеуметтік желісін шектен тыс көп пайдалану ерлі-зайыптылар арасын суытып, салдары ажырасуға дейін алып келуі мүмкін.

308 0

Facebook әлеуметтік желісін шектен тыс көп пайдалану ерлі-зайыптылар арасын суытып, салдары ажырасуға дейін алып келуі мүмкін.

Мұны Гавай және Миссури университеттерінің психологтары жүргізген зерттеу нәтижелері дәлелдеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Әлеуметтік желіде күніне бір сағат немесе одан ұзақ уақыт отырған адамның отбасында жанжал туып, соңында шаңырағы шайқалып тынады», - дейді ғалымдар.

Тәжірибеге қатысқандардың 80 пайызға жуығы расында Facebook желісінде ұзақ уақыт отырғандықтан жанжалдасатынын айтқан.

Бұған қоса, жодасының интернет парақшаларын ашқанда бойдақ күндерде түскен суреттерін көріп, қызғаныштан жиі дау туған.

Зерттеуге шамамен 300 адам қатысқан. Олардың басым бөлігі, Facebook желісі арқылы бойдақ күндеріндегі махаббаттарын табуға тырысқан, соның салдарынан өз өмірлік серіктерінен көз жазған. Осыған байланысты, психологтар жаңадан шаңырақ көтергендерге әлеуметтік желіні мейлінше аз пайдаланып, өзінің жолдасына көбірек көңіл бөлуге кеңес беріп отыр.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!