«Алтын белгіге» үміткерлердің 34 пайызы өз білім деңгейін дәлелдеді

Фотография - «Алтын белгіге» үміткерлердің 34 пайызы өз білім деңгейін дәлелдеді

Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесінде үміткерлердің 34 пайызы өз білім деңгейін дәлелдеп шықты

141 0

Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесінде үміткерлердің 34 пайызы өз білім деңгейін дәлелдеп шықты.

Бүгін БАҚ өкілдеріне ҰБТ нәтижесі бойынша эксклюзивті сұхбат берген Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, 100-ден астам балл жинаған үміткерлер саны биыл 11 167 түлекті қамтып отыр. «Тестілеу барысында жалпы бұзушылықтар да орын алды. Мәселен, тыйым салынған ұялы телефондар, калькулятор, фотоаппарат секілді 27 726 зат алынды. Тіпті рациялардың да түрлері табылды. Алайда, оларға көбінесе ескерту жасалып, ары қарай сынақ тапсыруларына  рұқсат берілді», - деді Б. Жұмағұлов.

Тоқтала кететін жайт, бірнеше мәрте қайталанған бұзушылық жасағаны үшн 31 мектеп түлегі тестке жіберілмеді. Олардың ішінде басқа біреудің орнына кіргені үшін 6 адам аудиториядан шығарылған.

«Былтырғыдай түлектерді тінту секілді өрескел бұзушылықтар да орын алмады, шағымдар да түскен жоқ», - деді Б. Жұмағұлов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!