Биыл түлектердің тең жартысы грантқа оқуға түсе алады

Фотография - Биыл түлектердің тең жартысы грантқа оқуға түсе алады

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҰБТ-ны қорытындылау барысында хабарлады.

204 0

2013 жылы ҰБТ-да шектік көрсеткіштен жоғары балл жинағандардың жартысына жуығы жоғарғы оқу орындарында грантпен оқуға қол жеткізе алады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҰБТ-ны қорытындылау барысында хабарлады.

«70 мыңдай түлек өзінің оқуға түсе алатынын дәлелдеді (ҰБТ-да шектік көрсеткіштен жоғары балл жинады - агенттік ескерт.). Ал, бөлінген грант саны - 35 мың. Ол дегеніміз, түлектердің тең жартысы гранттарға ие болады деген сөз», - деді Б.Жұмағұлов.

«Осы жылы 50 балл, шектік көрсеткішке, мектеп түлектерінің 29%-ы қол жеткізе алмады. Бұл  27,5 мың адам. Өткен жылмен салыстыратын болсақ, бұл көрсеткіш 37%-ды құраған», - деді Б.Жұмағұлов.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!