Сталиннің құпия құжаттарын көруге болады

Фотография - Сталиннің құпия құжаттарын көруге болады

Ресейдің ірі мұрағаттарының мамандары бірігіп, үлкен жобаны аяқтады

192 0

Ресейдің ірі мұрағаттарының мамандары бірігіп, үлкен жобаны аяқтады. Жобаның «Кеңестік дәуір құжаттары» деген атпен шығатын сайтын кез-келген оқырмандар 12 маусымнан бастап пайдалана алады.

Жаңа ресурс «Архивы России» порталында орналасатын болады. Бұл жерде Ресей Федарациясының Мемлекеттік мұрағаты мен Ресей кинофото құжаттар мұрағаты, экономикалық және әскери мұрағаттардан жинақталған құжаттары бар. Сайт оқырмандары үшін Саяси бюро (1919-1932 жылдар аралығындағы) мен И.Сталиннің (1866-1996 жылдар аралығы) аса маңызды 300 мыңнан астам құпия құжаттары орналастырылған.

Интернет арқылы кез-келген оқырмандар енді Сталин мен Зиновьевтің жұмыс барысындағы және жеке жазбаларын, Бухариннің хаттарын оқи алады. Сонымен қатар, фонографиялық таспалар, кинофото құжаттар жеке бөлімде берілген.

Сайтты құрастырушылардың пікірінше, құжаттарға азаматтардың еркін қол жеткізуі кеңестік жүйе туралы көзқарастарын қалыптастыруға әсерін тигізеді деп санайды.

Ресей мен өзге мемлекеттерде кеңестік саясат туралы бірнеше ғылыми жұмыстар, зерттеулер жасалды. Бірақ, олардың көбі мұрағат құжаттарына сүйенбейді. Бұл дегеніміз Отан тарихы туралы әртүрлі кері пікірлерді туғызады деп санайды Ресей Мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері.

Алдағы уақытта сайт КСРО кезеңіне байланысты өзге де құжаттармен толықтырылып отырады.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!