Жалғызбасты еркектер мен жұмыссыз әйелдер суицидке жиі барады

Фотография - Жалғызбасты еркектер мен жұмыссыз әйелдер суицидке жиі барады

Жалпы, суицидке барған жандардың ішінде ер азаматтардың саны әйелдерден үш есеге көп болып отыр.

409 0

Жалғызбасты жас ер азаматтар мен жұмысы жоқ әйелдер өз-өзіне қол жұмсауға өзгелерден қарағанда бейім болады деп хабарлайды MedDaily.

Мұндай қорытындыға Лунд (Швеция) және Стэнфорд (АҚШ) университеттерінің ғалымдары келіп отыр. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, суицидке барған жандардың қатарында жоғары білімі жоқ жалғызбасты ер жігіттер және психикалық ауытқуға шалдыққан әйелдер көп. Олардың өмірмен қоштасуына басты себеп болған жайт - жұмыссыздық дейді зерттеушілер.

Жалпы, суицидке барған жандардың ішінде ер азаматтардың саны әйелдерден үш есеге көп болып отыр.

Сонымен қатар, сала мамандары мынадай фактіні де анықтап отыр: өз-өзіне қол жұмсаған әрбір үшінші әйел мен еркектердің 20 пайызы өлерінен екі аптадай бұрын дәрігерге барып көрінген. Сондай-ақ, суицид жасаған әйелдердің 57 пайызы және ерлердің 45 пайызы оқиғадан 13 апта бұрын медицина маманының көмегіне жүгініпті. Зерттеушілер осылайша дәрігерлер тарапынан психологиялық жұмыстардың дұрыс жүргізілмейтіндігін анықтады.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!