Ғалымдар жаңа ғаламшарлар ашпақшы

Фотография - Ғалымдар жаңа ғаламшарлар ашпақшы

Гавай астрономия институтының ғалымдары Мексиканың солтүстігіне 75 метрлік телескоп орналастыруды ұсынып отыр.

968 0

Гавай астрономия институтының ғалымдары Мексиканың солтүстігіне 75 метрлік телескоп орналастыруды ұсынып отыр. Ғалымдардың пікірінше, бұл телескоп арқылы 70 млн жарық жылына тең арақашықтағы аспан денелерін бақылып және ол жерде өркениеттердің бар-жоғын анықтауға көмектеспек.

Американдық ғалымдар 1 млрд АҚШ долларын көлеміндегі алып телескопты орнату үшін инвесторларға ұсыныстар беруде. Орнату жұмыстарына шамамен 5 жыл уақыт кетеді екен.

Гавай астрономия институтының ғалымы Джеф Кунның айтуынша, өте жұқа шыныдан осы телескопты жасау арқылы жерден өте алыс аспан денелерін зерттеуге болады.

Әзірге ғалымдар өз идеяларына инвесторлар іздестіруде. Соныммен қатар, телескоп орналастын жерді де анықтау үстінде. Қазіргі уақытта олар San Pedro Martir таулы қыраттарын қарастыруда.

Бөгде ғаламшардан тіршілік белгісін табу ісімен астрономдар көптен бері шұғылданып келеді. Кунның телескобы Жерден тыс тіршілікті табатын ең алғашқы құрал болуы мүмкін деген жорамалдар бар деп жазады News York Daily News газеті. Басылым егер бөгде ғаламшарлықтар біз туралы білетін болса Колумбтың Америкаға орналасқанындай үлкен жанжалдарға әкеліп соқтыруы да мүмкін деп пікір білдірген.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!