2020 жылы Қазақстанда докторантураға қабылдау 4 есеге артады

Фотография - 2020 жылы Қазақстанда докторантураға қабылдау 4 есеге артады

. Бұл туралы бүгін Жоғары білім беру көшбасшыларының екінші Еуразиялық форумында сөз сөйлеген Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді.

201 0

2020 жылы отандық жоғары оқу орындарында докторантураға оқуға қабылдау 4 есеге көбейтіледі. Бұл туралы бүгін Жоғары білім беру көшбасшыларының екінші Еуразиялық форумында сөз сөйлеген Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді.

Министрдің айтуына қарағанда, қазіргі уақытта 11 университетте бірыңғай ғылым мен инновация, зерттеулерді коммерцияландыру,  талантты жастарды тарту секілді жаңа модель дамытылуда.

«Біз ғылыми кадрларға ерекше ден қоямыз. Бакалавр, магистр, PhD дайындаудың жүйесіне толық көштік. Ақыры соңында  көп жылға созылған ғылыми кадрлардың азаюы мен қартайып бара жатуы секілді құбылысты еңсердік», - деп атап өтті Б.Жұмагұлов.

Білім және ғылым министрі жастар ғылымға келе бастағанын, зертеу санының көбейгенін атап өтті.

«Қазіргі таңда еліміздің индустрияландыру бағытымен ғылыми кадрларды дайындау тетігін жетілдірудеміз. 2020 жылдары PhD бағдарламасы бойынша оқуға қабылдауды 4 есеге артырамыз. Яғни, біздің жоғары мектеп ілгерлеуде, оның дамуы үшін біз әлемдік алдыңғы қатарлы тәжірибесін қолданамыз», - деді Б.Жұмағұлов.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!