Ел тарихы тереңдетіліп оқытылатын болды

Фотография - Ел тарихы тереңдетіліп оқытылатын болды

Бұл жөнінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова төмендегідей жайтты мәлім етті.

236 0

Жақын уақытта біздің ғалымдарымыз Иран, Қытай, Франция, Түркия, Ресей елдерінің мұрағаттарын зерттеуге аттанып, қазақ тарихының әлі толық танылмай жатқан немесе мүлдем беймәлім болып келген сырын ашуға бел шеше кіріспек. Бұл жөнінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова төмендегідей жайтты мәлім етті.

«Жақын уақыттарда біздің ғалымдар басқа мемлекеттердің мұрағаттарын зерттеуге аттанады. Онда Қазақстан тарихына қатысы бар, бірақ бүгінгіге дейін ғылымға белгісіз болып келген тың дереккөздер табылуы ғажап емес. Ғалымдарымыз іссапарға баратын елдердің мұрағаттарымен тиісті келісімдер жасалған»,– деді Ә.Ғалымова.

Аталған жұмыстар екі ғылыми орталықтың бастамасымен жүзеге асырылатын болады:Мемлекет тарихы институты мен Ш.Уәлиханов атн. тарих және этнология ғылыми институты. Сондай-ақ, БҒМ-не Қазақстан тарихы бойынша екі жаңа оқулық жазып шығу тапсырылды.

«Оның бірі ежелгі дүниеден бері бүгінгі заманға дейінгі аралықты қамтиды, екіншісі ұлттық тарихтың жаңа кезеңін көрсетеді. Сонымен бірге қазіргі күні министрлік Қазақстан тарихы бойынша оқу бағдарламасына ревизия жүргізіп жатыр. Осы мақсатта жұмыс тобы құрылды, қазаққа танымал барлық беделді тарихшылар мен тәжірибелі ұстаздар ол бойынша өз ұсыныстарын айтып жатыр. Соның негізінде біз оқу бағдарламасын жетілдіретін боламыз. Кейбір тақырыптарды тереңдетіп оқытатын боламыз»,– деді Әлия Ғалымова.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!