Адам көзінің белгісіз боп келген қабаты анықталды

Фотография - Адам көзінің белгісіз боп келген қабаты анықталды

Ноттингем университетінің (University of Nottingham) ғалымдар тобы адамның ең маңызды және жарық сәулесін сындыратын органдарының бірі - көздің алтыншы қабатын анықтады.

365 0

Ноттингем университетінің (University of Nottingham) ғалымдар тобы адамның ең маңызды және жарық сәулесін сындыратын органдарының бірі - көздің алтыншы қабатын анықтады.

Қабық жұқа, түссіз, мөлдір көз линзасына ұқсайды. Ол арқылы жарық көзге өтеді. Бұған дейін 5 қабат саны белгілі болатын: сыртқы эпителиалдық қабат, Бауменов жарғақшасы, меншікті зат немесе мөлдір қабат стромасы, Десцеметов қабығы және эндотелий немесе артқы эпителий.

Жаңа қабатты анықтаған офтольмология профессоры Харминдер Дуа (Harminder Dua) болғандықтан, соның құрметіне Дуа қабаты деп аталды. Бұл қабат Десцеметова қабаты мен строма арасында орналасқан. Оның қалыңдығы 15 микрометрден ғана тұрады (ал барлық қабаттар ұзындығы 550 микрометрді құрайды). Әйткенмен ол екі бараның (шамамен екі атмосфера) қысымына төтеп бере алады.

«Яғни, біз ашқан бұл жаңалық, офтольмологияның барлық оқулықтарына өзгерту енгізу керек деген сөз. Анықталған қабат қасаң қабықтың тереңінде орналасқан, бұдан кейін ота жасау барысында оның ерекшеліктерін ескеретін боламыз. Енді емделушілерге бұрынғыдан қауіпсіздеу және қарапайымырақ болады. Көптеген аурулар қасаң қабықтың терең қабаттарына әсер етеді. Қазірдің өзінде көптеген медиктер аурудың жаңа ашылған қабатқа әсерін, немесе ауруды қабаттың зақымдалғанымен байланыстыруда.»-дейді Дуа.

Жаңалық Бристол мен Манчестерде зерттеу мақсатында пайдаланылған мүшелер арқылы, қасаң қабыққа жасалған тәжірбие кезінде анықталды. Тәжірбие кезінде ғалымдар қабаттарды бір-бірінен ажырату үшін қасаң қабыққа микроскопиялық көпіршіктерді енгізді. Бұдан соң, әр қабат электрондық микроскопия арқылы зерттелді. Бұндай тәжірбие мембрана құрылысының бүге-шігесіне дейін қарауға мүмкіндік берді.

Дуа қабатының дәл қай жерге орналасқанын білу ота жасау кезінде көпіршіктердің дәл қай қабатта жиналатынын анықтауға көмектеседі. Шамалау бұрынғыдан нақтырақ болады.

Зерттеушілер пресс-релизде мұндай қабаттың анықталуы, гидрофтальм (көз шемені), жарық және Десцеметов қабығының дистрофиясы атты аурулармен күресуде жаңа тәсілдер табуға сеп болады. Ғалымдар қазірдің өзінде көз шемені көздің ішкі жағынан Дуа қабатының тесілуі арқылы жиналатын су арқылы болады деп болжалдауда.

 


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!