Ұлыбританияда өмірге келген бала белгісіз сырқатқа ұшыраған

Фотография - Ұлыбританияда өмірге келген бала белгісіз сырқатқа ұшыраған

Уэльсте дәрігерлер әлі атауын да қоймаған белгісіз дертпен сырқаттанатын екі жасар бала тұрады

122 0

Уэльсте дәрігерлер әлі атауын да қоймаған белгісіз дертпен сырқаттанатын екі жасар бала тұрады, деп хабарлады Би-Би-Си.

Бірнеше аурудың белгілеріне шалдыққан Бриджендтегі Альфи Джонс дәрігерлердің басын қатырды: оның жүрегінде тесік бар, құлағы саңырау және көзі де нашар көреді. Дәрігерлер ауруға Альфи деген атау қойды, ғылыми тілде «хромосомалардың теңгерімсіз орналасуы» дегенді білдіреді, бұған дейін мұндай диагноз ешкімге қойылмаған.

Дәрігерлердің айтуынша бұл сырқат нөмірі 11-ші және 15-ші хромосомаларға әсер етеді. Альфидің қашан өздігінен жүретіні де белгісіз, оның туғанынан жамбасы шығып кеткен. Медициналық сарапшылар да баланың қанша өмір сүретінін тап басып айта алмайды. Бұған дейін де алты баласы бар ерлі-зайыптылар тағдыры қаншалықты күрделі болса да, баланың өмірге келгеніне қуанышты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!