Әлемдегі ең күшті суперкомпьютер Қытайда

Фотография - Әлемдегі ең күшті суперкомпьютер Қытайда

Қытайлық Thiane-2 («Құс жолы - 2») Тор-500 компьютерлерінің рейтингісінде бірінші орынға шығып, американдық Titan жүйесін басып озды.

203 0

Қытайлық Thiane-2 («Құс жолы - 2») Тор-500 компьютерлерінің рейтингісінде бірінші орынға шығып, американдық Titan жүйесін басып озды.

Tianhe-2 қазір Қытай Халық-азаттық армиясының Қорғаныс ғылыми-техникалық университетінде тұр, кейіннен Гуанчжоудағы есептеу орталығына көшірілмек.

Қытай компьютері 33,86 петафлопс (33,86 квадриллион операция) өнімділігін көрсетті, ал американдық компьютерде бұл көрсеткіш 17,59 петафлопс болды. Көшбасшылар қатарында АҚШ-тан тағы екі компьютер - Sequoia және Mira, олардың арасында бір жапондық K computer бар.

Суперкомпьютерлер тізіміне ресейлік сегіз жүйе ілікті, оның ішіндегі ең қуаттысы - ММУ-де орнатылған «Ломоносов» компьютері. Ол өткен жолғыдан кестеде бес жолға кейін ығысып, 31-орынды иеленді, деп хабарлады Лента.ру.


Тегтер:

кітап

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!