Қазақтың ең жақын туысы – қалмақ

Фотография - Қазақтың ең жақын туысы – қалмақ

Қазақ тарихында ақтаңдақтар көп

245 0

Мемлекеттік хатшы М.Тәжиннің ел тарихын ұлттық тұрғыдан жаңаша зерделеу туралы бастамасы көпшілік ғалымдардың көкейіндегісін дөп басты. Қазақ тарихында ақтаңдақтар көп. Бұл бұған дейін беймәлім болып келген тарих сырларын ашуға тың серпін беруі тиіс дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев.

Қазақ тарихы туралы жүйелі зерттеулер жоқ. Ол бейне бір үзіліп қалған кино таспасы сияқты. Әркім әр кезеңнен үзіп-жұлып айтады: Сақ, Ғұн, Қарахан, Түрік қағанаты, Алтын Орда, Қазақ хандығы... өстіп кете береді. Олардың арасында қандай байланыстар болды? Басқасын айтасыз, бізде Қазақ хандығы туралы, хандықтың әр кезеңдері, оның мемлекеттік құрылымы, қоғамдық және құқықтық институттардың жұмысы жөнінде толыққанды зерттеулер жүргізілмеген.

Қазақ тарихын жазғанда 5 мың жылдық тарихы бар сонау Ботай мәдениетінен бастау керек. Ботай мәдениеті ежелгі адамдардың алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі. Яғни, жер бетінде жылқыны ең алғаш қолға үйретудің ең басты орталығы Қазақстан. Мал шаруашылығы – ол далалық өркениеттің жемісі, ал тау-тастың, орман қойнауларындағы мал шаруашылықтары осы далалық өркениеттің сынықтары. Осыны ашық айтуымыз керек. Кімнен жалтақтауға тиіспіз? Тарихымызды Ботайдан бастап қазіргі заманғы күнге әкеліп тіреуіміз керек.

Жалпы, тарихқа этнография арқылы келу керек. Ел тарихын түгендеген кезде этнология, археология, антропология ...бәрі бір жүйеде жұмыс істегенде жақсы нәтиже береді. Мысалы, антропологиялық жағынан қазақтың ең жақын туысы ҚАЛМАҚТАР екенін біреу білсе, біреу білмейді. Бұл да түбімізді танудың бір жолы. Тарихты зерттегенде ел аузындағы әңгімелерден, аңыз-әфсаналардан қашпау керек. Бұл да тарих, тарихта болған жайттар, түбінде тарихи шындықтар жатыр, тек аздап әсерілеп берілген. Шежіре-ру, ата тарихы. Халықтық әдет-ғұрыптар, салт-дәстүр – ұлттың рухани-моралдық заңдары, мемлекетшілдік сана. Мәселен, «Алаш-алаш демесе, әкең де болса ұрып жық!» деген нақылдық артында ұлттың біртұтастығын ойлаған мемлекетшілдік сана жатыр. Мұның бәрінің ел тарихын зерттеуде алар орны орасан.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!