Майкрософт 16 мың оқытушыға тегін білім берді

Фотография - Майкрософт 16 мың оқытушыға тегін білім берді

Microsoft корпорациясы Қазақстанның әр өңірінде жастар мен жасөспірімдерді компьютер дағдыларына үйретуге үлес қосып келеді.

175 0

Microsoft корпорациясы Қазақстанның әр өңірінде жастар мен жасөспірімдерді компьютер дағдыларына үйретуге үлес қосып келеді. Бұл туралы бүгін Назарбаев Университетінде Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою кезінде Microsoft International президенті Жан-Филипп Куртуа мәлімдеді.

Компания YouthSpark бастамасы аясында әлем бойынша әртүрлі білім беру бағдарламаларына 500 млн. АҚШ долларын инвестициялады. Ал Қазақстанда 365 білім беретін мекемеге Office бағдарламасын тегін ұсынды, бұл оқу орындарында жалпы саны 16 мыңнан астам студент оқиды. Сонымен қатар, 16 мың оқытушыға компьютерде жұмыс істеуді ақысыз үйретті.

Қол қойылған Келісім аясында жоспарланған бастамалардың арасында Microsoft DreamSpаrk бағдарламасын ерекш атап өтуге болады. Бұл бағдарлама Майкрософт интерактивтік курстарын және кітапханасын пайдалануға, еңбек нарығына білімді мамандар дайындауға мүмкіндік береді. Студенттер Microsoft DreamSpаrk бағдарламасына қатысып, дизайн және бағдарлама жасау қосымшаларын тегін пайдалана алады. Бұл бағдарлама математика, инженерия жән ақпараттық технологиялар сынды салалардағы ғылыми қызметтің дамуына ықпал етпек.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!