Лос-Анджелес мектептерінде оқулықтар IPad-пен алмастырылмақ

Фотография - Лос-Анджелес мектептерінде оқулықтар IPad-пен алмастырылмақ

Мұндай шешімді Лос-Анджелес білім беру басқармасы қабылдаған екен.

122 0

Лос-Анджелесте оқушылар оқу бағдарламасын енді қағаз кітаптар арқылы емес, IPad-тың көмегімен меңгеретін болады. Мұндай шешімді Лос-Анджелес білім беру басқармасы қабылдаған екен.

Аталмыш құрылғыны сатып алу үшін бірінші кезеңде 30 млн доллар бөлініпті. Таңдау iPad-қа түскен, себебі Apple өнімдері басқаларына қарағанда әлдеқайда арзан болып шықты. Аталған сомаға шамамен 31 мың айпед сатып алынған (ал қаладағы жалпы оқушылардың саны 640 мың).

Оқушыларды электрондық оқулықтармен Pearson баспаханасы қамтамасыз ететін болады, жоба ұйымдастырушылары Apple-дің iBooks электрондық кітаптарды тарату жүйесінен осы баламаны тиімді деп тапқан.

Атап өту керек, қазір Лос-Анджелес оқушылар саны жағынан АҚШ-тың екінші қаласы болып есептеледі. Apple мәліметтеріне сәйкес, мектептерде бүгінгі таңда шамамен 10 млн iPad пайдаланылатын көрінеді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!