Ұлы шайқастар тізімінде Орбұлақ шайқасы неге жоқ?

Фотография - Ұлы шайқастар тізімінде Орбұлақ шайқасы неге жоқ?

Мемлекеттік хатшы М.Тәжинннің ұлттық тарихты ұлттық тұрғыдан зерделеу туралы баяндамасы қоғамда қызу талқылау тудырды.

1155 0

Мемлекеттік хатшы М.Тәжинннің ұлттық тарихты ұлттық тұрғыдан зерделеу туралы баяндамасы қоғамда қызу талқылау тудырды. Осыған орай «Нұр Отан» партиясының жауапты хатшысы, белгілі саясаткер Ерлан Қариннің пікірін білген едік.

Мемлекеттік хатшы көпшіліктің көкейінде жүргенін дөп басты. Енді соны жүзеге асыру ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрліктерінің құзырындағы іс. Осы идеяны жұртшылыққа түсіндіру, әрі қарай дамыту, жетілдіру, қажетті шараларды ұйымдастыру, қызметтерді үйлестіру дегендей алдан сан-салалы жұмыстар күтіп тұр...

Жалпы, мен мынаны айтқым келеді, қазақтың тарихқа деген қызығушылығы орасан. Қазақтың тарихи жады керемет. Бізде кез-келген адамның тарихқа әуестігі бар. Бұл , енді, қазақтың ұлттық ерешелігі шығар?! Сонымен қатар бізде кәсіби тарихшылардан басқа, шежірешілер, шырақшылар бар. Осының бәрі бір жүйеге түсіру қажет. Нақты ғылыми дереккөздерге сүйенген ұлттың ортақ тарихын жазу.

Тағы бір ескеретін нәрсе, жақын көршілеріміздегі тарихи оқулықтардың ала-құлалығы. Мәселен, жалпыға ортақ бір оқиға туралы Қазақстанның тарихи оқулығы басқаша жазса, Өзбекстанның тарихи оқулығы, Қырғызстанның тарихи оқулығы да әркім өздерінше әртүрлі жазуы мүмкін. Осы мәселені де ретке келтірмесе болмайды. Егер Орта Азиядағы көршілес елдер әлемдік сахнаға әртүрлі тарихпен шықсақ қалай болады? Мен шетелдерге барғанда міндетті түрде олардың кітапханаларын аралаймын, тарихи оқулықтарына көз жүгіртем, сонда осындай сәйкессіздіктерді көптеп көріп жүрмін.

...Бұрынырақта түрлі мемлекеттердің саяси карталарын жинаумен айналыстым. Еуропаның болсын, АҚШ-тың болсын жерлерінің баяғыдан қалыптасқан өз атаулары бар. Ал, бірақ олардың карталарында Қазақстанның 15-16 ғасырдағы, тіпті одан бергі 18-19 ғасырға дейін жері бір-ақ ауыз сөзбен – Тартария деп аталады. АҚШ та, Еуропа да бізді түсінбеді. Біз олар үшін 19 ғасырға дейін жабайы, жұмбақ, жауынгер халық болып келдік. Сондықтан шетелдерде әлемдік өркениетке, ұлы оқиғаларға қатысты шығатын көптеген анықтамалықтарда, кітаптар мен жинақтарда ҚАЗАҚ атауы мүлдем жоқ. Мәселен, «100 ұлы шайқастар» анықтамалығына Орбұлақ шайқасы жоқ. Ал ол «ұлы шайқастардың» көшін бастауы керек еді ғой...

Автордан анықтама: 1643 жылдың жазында Жәңгір сұлтан бар-жоғы 600 адаммен Батыр қонтайшы басқарған 50 мың сарбазы бар жоңғар қолына тойтарыс берген. Әлемдік соғыс өнерінің жылнамасына енуге лайық Орбұлақ шайқасында Жәңгір мылтықпен қаруланған 600 адамды тау ішіндегі тар өзекке ор қазып, екіге бөліп бекінткен. Жоңғарлар тар өзектегі орға жеткенде қазақ сарбаздары екі жақтан білтелі мылтықтарынан оқ жаудырады. Осы кезде Самарқандтан алшын Жалаңтөс баһадүр 20 мың қолмен көмекке келіп, 10 мыңнан аса адамынан айырылып, күйрей жеңілген жоңғарлар кері шегінеді. Бұл туралы тұңғыш деректі жазып қалдырушы – Тобыл әскербасшысы Р.С. Куракин, ал оған бұл соғыс жайындағы мәліметті жеткізушілер Тобылда қызмет еткен, Ресейдің Жоңғарияға барған елшілері Г.Ильин мен К.Кучелев (Кучембердейке).


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!