Түркі халықтарының тарихы Қытай тарихынан да терең

Фотография - Түркі халықтарының тарихы Қытай тарихынан да терең

Түркі халықтарының тарихы біздің дәуірімізден бұрынғы 6 мың жылдық ғасырдың арғы жағында жатыр

231 0

Түркі халықтарының тарихы біздің дәуірімізден бұрынғы 6 мың жылдық ғасырдың арғы жағында жатыр.

Бұл туралы кеше ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметұлы Шейх Ахмет Құдайдад Таразидің "Көркем сөз өнері" ("Фонун әл-бәлағе") кітабының қазақ тіліндегі аудармасының таныстырылымында айтты.

"Бұл бүкіл түркі халықтарының абыройын көтеретін кітап. Халықтың жан дүниесі поэзия арқылы шығады. Өлең уәжі теориясы жазылған бұл еңбек арқылы біз енді 400-ге жуық кітаби ақынның мұрасын зерттей аламыз. Жалпы түркі халықтарының тарихы Қытай тарихынан да ары жатыр деп ойлаймын. Біздің түп отанымыз қазіргі Түркия, Грекия елдері тұрған жер", - дейді профессор Мекемтас Мырзахметұлы.

Ғалымның айтуынша, түркі халықтарының тарихына қатысты көптеген материалдар кейінгі кезеңдерде мақсатты түрде жойылған. Мәселен, Орхон-Енисей жазбаларының қағазға түскен нұсқаларын 1-Петр өртетіп жіберген. Қазір Орхон-Енисей жазуымен жазылған тәңіршілдік дінінің бір томы Рим папасының қорынан табылып отыр. Біз қазір орбитаға шығып әлемді көре алмай тұрмыз. Егер өз мұрамызды зерттеп, айналымға түсірсек қорланған халқымыз өзін жабайы деп келген қорлаушылардың көзін шұқитын дәрежеге жетеді.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!