Американдықтардың 70 пайызы дәріде "отыр"

Фотография - Американдықтардың 70 пайызы дәріде "отыр"

Миннесотадағы Мауо университетінің ғалымдары жаға ұстатарлық тағы бір жаңалық айтты.

106 0

Миннесотадағы Мауо университетінің ғалымдары жаға ұстатарлық тағы бір жаңалық айтты. Олар жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша американдықтардың 70 пайызы дәрігерлер жазып берген дәрі-дәрмектерді үздіксіз пайдаланады.

Тіпті, әрбір екінші азаматтың қалтасында кем дегенде екі дәрінің қорабы жүреді дейді олар. Ал, жалпы халықтың 20 пайызы тұрақты түрде кемінде 5 түрлі дәріні тұтынады екен. Ең жиі пайдаланылатын дәрі-дәрмектер көшін қант диабетіне шалдыққандар мен гипертониктердің препараттары бастап тұр. Екінші орында күйзелісті басатын дәрілер.

NY Post наурыз айында жариялаған мақаласында АҚШ-та 6 мен 12 жас аралығындағы балалардың 145 мыңы түрлі ауруларға шалдыққаны айтылған болатын.


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!