Facebook видео түсіретін қосымшаны таныстырды

Фотография - Facebook видео түсіретін қосымшаны таныстырды

Facebook әлеуметтік желісі смартфондарға арналған жаңа қосымшаның іске қосылғанын жариялады

163 0

Facebook әлеуметтік желісі смартфондарға арналған жаңа қосымшаның іске қосылғанын жариялады. Енді қолданушыға Instagram қызметіне қысқа видео орналастыруға мүмкіндік беретін бұл қосымша Twitter шағын блогтар сайтындағы Vine платформасымен бәсекеге түспек.

Facebook-тің жаңа қосымшасы Android жүйесіне негізделген байланыс құралдарында жұмыс істейді, видеоға түсірген кезде дірілді реттейтін функциясы бар. Қосымшаның көмегімен ұзақтығы 15 секундқа дейінгі видеоны жүктеуге болады. Vine платформасы ұзақтығы 6 секундтан аспайтын видеоны жүктеуге мүмкіндік беретін.

Facebook компаниясы ұялы телефонмен түсірілген фотосуреттерді өңдеп, алмасуға арналған Instagram қызметін былтыр сәуірде миллиард долларға сатып алған еді.

2011 жылдың қазан айында іске қосылған Instagram бастапқыда тек Apple компаниясының құрылғыларына ыңғайлы етіп жасалған болатын. Бірақ кейін Android жүйесіне арналған үлгісін де шығарды.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!