Әлемге танымал «Коника Минолта» компаниясы ҚазҰУ-да озық технологиялар зертханасын ашады

Фотография - Әлемге танымал «Коника Минолта» компаниясы ҚазҰУ-да озық технологиялар зертханасын ашады

Әлемге танымал «Коника Минолта» компаниясы ҚазҰУ-да озық технологиялар зертханасын ашады.

230 0

Әлемге танымал «Коника Минолта» компаниясы ҚазҰУ-да озық технологиялар зертханасын ашады.

Келісім «Коника Минолта» (Еуропа Бизнес Солюшенс бөлімі) компаниясы делегаттарының университет басшылығымен кездесуі барысында жасалды.

«Аталған меморандумға қол қою және зертхана ашу арқылы университетіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында айтылған бағдарламалық тезистерін басты бағытқа алатынын дәлелдеп отыр. Бұл оқу бағдарламаларына жаңа оқу технологияларын енгізу, өндірістік тәжірибені бекіту, ғылым мен бизнестің толыққанды кооперациясы, жұмыс берушілерді оқу үдерісіне тарту болып табылады, - деді ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов.

Жапондық компания өз тарапынан зертхананы жабдықтармен қамтамасыз етуге дайын екендіктерін білдірді. Сондай-ақ ҚазҰУ студенттері алдыңғы қатарлы технологияларды тәжірибелік сабақтарда және де Коника Минолта академиясының онлайн-курстары арқылы оқып-білуге мүмкіндік алмақ. Оқу мерзімі аяқталғанннан кейін үздік студенттер компанияның еуропалық бөлімшелерінде машықтанудан өтетін болады.

«Біз ҚазҰУ-де озық технологиялармен жабдықталған зертхана жасаймыз. Онда университет студенттері білім алып, тәжірибе жинақтап, заманауи полиграфиялық және ІТ саласында өз біліктіліктерін арттыра алады. Бұл жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруда пайдалы болады», - деді «Коника Минолта» бизнес операциясының бас менеджері Акира Фуджита.

«Коника Минолта» - жапондық холдинг, фотоқұралдарын, факс аппараттарын, лазерлі принтер, медициналық және өлшеуіш құрал-жабдықтарын, оптикалық компоненттерін шығаратын әлемдегі жетекші өндіруші болып табылады. Бейнелеу саласындағы құрылғылар жасауда көшбасшы бола тұра, компания толық түрлі-түсті баспа өнімдерін, кеңсе және ұйымға қажет өнімдер шығаруға да көңіл бөліп келеді.


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!