Мұражайда тұрған көне мысырлық мүсінге жан бітті

Фотография - Мұражайда тұрған көне мысырлық мүсінге жан бітті

 Біздің заманымызға дейінгі шамамен 1800 жылы жасалған, биіктігі 25 сантиметр болатын мүсін ешкімнің көмегінсіз, яғни өзі 180 градусқа бұрылған

108 0

Ежелгі мысырлық мүсін Ұлыбританиядағы Манчестер мұражайының қызметкерлерін әбігерге түсірді. Біздің заманымызға дейінгі шамамен 1800 жылы жасалған, биіктігі 25 сантиметр болатын мүсін ешкімнің көмегінсіз, яғни өзі 180 градусқа бұрылған

Мүсін үш күн бойы қозғалып тұрған. Бір қызығы, мумия түнде тыныш тұрады, ал күндіз ақырын-ақырын айналады. Мүсіннің қозғалысы бейнебақылау камерасына түсіріліпті.

Ғалымдар бұл феноменнің себебін түсіндіре алмай әлек. 1920 жылдары Мысырды зерттеген ғалымдар молаларда жұмыс істеген кез келген адамды «перғауындардың қарғысы атады» деп сенген.

Аталған мүсіннің қозғалуына Оксфорд Роудтағы мұражайдың тәлімгері Кэмпбелл Прайс куә болған. «Бір күні қарасам, мүсін теріс қарап тұр. Мен қатты таңғалдым. Өйткені мүсін шыны сөреде тұр, ал оның кілті менде ғана бар, - дейді Прайс. - Мен мүсінді орнына қойдым. Бірақ ертеңгі күні ол тағы теріс айналып тұрды. Сосын камера орнаттық. Бір қарағанға көрінбесе де, анықтап қарасаң, мүсіннің әлсін-әлсін қозғалатынын көруге болады».


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!