Байқоңырдан «Ресурс-П» ғарыш аппараты ұшырылды

Фотография - Байқоңырдан «Ресурс-П» ғарыш аппараты ұшырылды

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2.1б» зымыран-тасығышы бар «Ресурс-П» ғарыш аппараты ұшырылды

249 0

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2.1б» зымыран-тасығышы бар «Ресурс-П» ғарыш аппараты ұшырылды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлайды.

25 маусым күні астана уақыты бойынша 23 сағат 28 минутта Байқоңырдан № 013 «Союз-2.1б» зымыран-тасығышы бар «Ресурс-П» ғарыш аппараты ұшырылды. Зымыранның ұшырылымы штаттық бағдарламаға сай өтті.

Ұшырылымға байланысты болуы мүмкін салдарды жою үшін 25 маусым сағат 21:28-ден 26 маусым күнгі сағат 00.28-ге дейін ҚР ТЖМ Қызылорда, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстары бойынша Төтенше жағдайлар департаменттерінің апаттық-құтқару күштері мен құрылғылары жоғары әзірлік күйінде болды


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!