Владимир Осколков: Тарих оқулықтарын білікті тарихшылар жазуы тиіс

Фотография - Владимир Осколков: Тарих оқулықтарын білікті тарихшылар жазуы тиіс

Мұндай пікірді Халықаралық бизнес академиясы «Адам капиталы өлшемін зерттеу» зертханасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Владимир Осколков білдірді.

187 0

Тарих оқулықтарын білікті тарихшылар жазуы тиіс. Мұндай пікірді Халықаралық бизнес академиясы «Адам капиталы өлшемін зерттеу» зертханасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Владимир Осколков білдірді.

«Қазір кім көрінген тарихқа араласып жүр. Екі кітап оқыса болды, өзінің философиясын алға тартып, тарихтан оқулық жаза бастайды. Бұл дұрыс емес, өйткені тарихшы болу үшін көптеген кітаптарды оқып, зерттеу жүргізу керек. Мен философия, социология туралы емес, тарихнама, тарихи география, тарихи демография сияқты таза тарих пәндері туралы айтып отырмын. Бұл ота жасайтын адам анатомияны ғана оқып, қажетті құрал-саймандарды білмеумен бірдей. Отаға екінінің бірі бара бермейді, ал тарихқа кім көрінген бас сұғады», - деді В.Осколков.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!