Бидай тері мен буын ауруларын тудырады

Фотография - Бидай тері мен буын ауруларын тудырады

Бидай - ең көп пайдаланылатын және ең пайдалы дақылдардың бірі. Алайда бұл фактіні америкалық кардиологтар жоққа шығарып отыр. Олардың пайымдауынша, бидай адамға зиян

260 0

Бидай - ең көп пайдаланылатын және ең пайдалы дақылдардың бірі. Алайда бұл фактіні америкалық кардиологтар жоққа шығарып отыр. Олардың пайымдауынша, бидай адамға зиян, деп хабарлайды РБК.

Мұны зерттеген Уильям Дэвис бидай тері ауруларын тудырады деп сеніммен айтып отыр. Дәнді дақылдың құрамында болатын көмірсулар адам қанындағы глюкозаның мөлшерін көбейтіп, майдың бөлінуін арттырады. Нәтижесінде тері майланып, оған безеулер шығады. Оған қоса, бидай буын ауруларына (білек, саусақ, омыртқа, жамбас және тізе буындары) да әкеп соқтырады, дейді ғалым.

Адамның бойкүйездікке салынуы мен ойлау қабілетінің нашарлауын да ғалымдар бидайдан көріп отыр. Себебі қазіргі бидай сұрыптарының құрамында гендік модификацияланған ақуыздар бар. Оған қоса, зерттеушілер бидай тәбет аштырады дейді. Өйткені аталған дақылда қызметі жағынан миға тәбет аштыратын белгі беретін глиадин ақуызы бар екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!