Мадиярлардың бойында қыпшақтың қаны ағып жатыр

Фотография - Мадиярлардың бойында қыпшақтың қаны ағып жатыр

 ҚР ҰҒА академигі Болат Көмеков – көп жылдардан бері қазақ-венгер қатынастарын зерттеп жүрген ғалым. Оның зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей, мадиярлар тайпасы, қазіргі тілмен айтқанда венгрлер мен түркі-қазақтар түбі бір туыс болған. Ғылыми тілмен айтқанда, олардың басын қыпшақ компоненті қосып тұр. Мұндай генеалогиялық аңыз-әңгімелер арғын-қыпшақтың естеліктерінде де айтылады.

207 0

Ғалым Шыңғысхан тұсындағы жаугершілік замандарда 1239 жылы 200 мыңға тарта қыпшақ Қазақстанның аумағынан Венгрияға көшті дейді. Олар бұрынғы Мәжелістан, қазіргі Венгрияның аумағына барып сіңісіп кеткен. Міне, сондықтан венгрлердің бойында қыпшақ қаны ағып жатыр дей аламыз.

Түркілердің тарихы, олардың өзге халықтармен қарым-қатынасы – тек Орта Азия елдері үшін ғана емес, тұтас әлем өркениеті үшін үлкен маңызға ие. Қазақ тарихын жаңаша зерделеу кезінде шетелдердің мұрағат қоймаларынан жалпы түркілерге, әйтпесе ұлт өміріне қатысты жаңаша деректер табылып жатса, нұр үстіне нұр болмақ.

Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!