Семейлік зейнеткер сүт қалдықтарынан 6 түрлі тағам шығаратын құрылғы құрастырды

Фотография - Семейлік зейнеткер сүт қалдықтарынан 6 түрлі тағам шығаратын құрылғы құрастырды

Сары судан жасалған ірімшік. Семейлік зейнеткер әдетте қоқысқа төгілетін сүт қалдықтарынан 6 түрлі тағам шығаратын құрылғыны ойлап тапты.

271 0

Сары судан жасалған ірімшік. Семейлік зейнеткер әдетте қоқысқа төгілетін сүт қалдықтарынан 6 түрлі тағам шығаратын құрылғыны ойлап тапты.

Жетпістің үшеуіне аяқ басқан Төлеуқадыр Байғұтанов қондырғының жобасын жасауға 8 жылын арнапты. Ал қағаздағы бейнені қолданысқа шығаруға жергілікті университет ғалымдары қолғабыс еткен. Тот баспайтын болаттан әзірленген құрылғыға 3 млн. теңге жұмсалды. Өнертапқыш өз туындысына «Жайлау» деп атаған. Сүт өнімдерін дайындайтын қондырғы кез-келген жерде күн сәулесінің қуатымен жұмыс істеуге қауқарлы. «Жайлаудан» шыққан тағам дәмін алғашқылардың бірі болып жергілікті журналисттер татты. Жоба авторы алдағы уақытта құрылғыны жетілдіріп, «ЭКСПО-2017» көрмесіне келетін мәртебелі қонақтарды ірімшік, құрт, қатық сияқты өнімдермен тәнті етпек ниетте.

Төлеуқадыр Байғұтанов, өнертапқыш:

- Әлемде бұның теңдесі жоқ деп есептейміз. Мұндай әдіс гидроқондырғыларда көп әрине. Ал бірақ тап осындай қолданыс бірінші рет мен қолданып отырмын


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!