Қазақстандық дарынды оқушылар Данияда өтетін 44-халықаралық физика олимпиадасына барады

Фотография - Қазақстандық дарынды оқушылар Данияда өтетін 44-халықаралық физика олимпиадасына барады

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Еуразия ұлттық университетіндегі Ядролық орталықта Данияның Копенгаген қаласында өтетін 44-халықаралық физика олимпиадасына баратын оқушылардың ұлттық құрама командасымен кездесті

166 0

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Еуразия ұлттық университетіндегі Ядролық орталықта Данияның Копенгаген қаласында өтетін 44-халықаралық физика олимпиадасына баратын оқушылардың ұлттық құрама командасымен кездесті.

«Физика - ең қиын да қызықты ғылымдардың бірі. Біз бүгін университеттегі ядролық орталықты аралап көріп, осыған көз жеткіздік. Мен өзім физиканы тек бірінші курста ғана оқыдым. Негізі, мамандығым - математик. Ал бүгінгі күнде математиктер де физика мен химияны жақсы білуі тиіс», - деді министр оқушылармен әңгіме барысында.

Білім министрі жас «олимпиадашыларға» сәттілік тілеп, елдің оларға артар үміті мол екенін жеткізді.

Айта кетейік, физикадан халықаралық олимпиада 7-15 шілде аралығында өтеді. Осы жолға сайыстың қатысушылары басқа ғылыми жарыстарда озық нәтиже көрсеткен балалар. Олармен бірге ғылыми жетекшілері де Данияға сапар шегеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!