Халықаралық физика олимпиадасы 2014 жылы Қазақстанда өтеді

Фотография - Халықаралық физика олимпиадасы 2014 жылы Қазақстанда өтеді

Бұл туралы бүгін Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ядролық орталығында жас физиктермен кездесу барысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті

247 0

Физикадан халықаралық олимпиада 2014 жылы Қазақстанда өтеді.

Бұл туралы бүгін Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ядролық орталығында жас физиктермен кездесу барысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«2014 жылы Астанада халықаралық физика олимпиадасы өтеді. Соған сіздер де қатысасыздар деген үміттеміз», - деді министр.

Білім және ғылым министрінің айтуынша, елімізде жылдан жылға халықаралық олимпиадалардан жүлделі орын алатын оқушылардың саны көбейіп келеді.

«2012 жылы 888 түрлі олимпиадалардың жеңімпаздары болған. Ал биылғы жарты жылдағы көрсеткіш те осы шамаға жетіп қалды. Яғни биыл жүлдегерлеріміз былтырғыдан екі есе көп болады деген үмітіміз бар», - деді Б. Жұмағұлов.

Оның айтуынша, біздің дарынды балаларымыз тек беделі жоғары әрі қиын олимпиадаларға ғана қатысады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!