Батысқазақстандық ғалым Еуропаның алтын медалін иеленді

Фотография - Батысқазақстандық ғалым Еуропаның алтын медалін иеленді

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіннің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Зейнолла Мүтиев Еуропаның алтын медалі мен дипломына ие болды.

212 0

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіннің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Зейнолла Мүтиев Еуропаның алтын медалі мен дипломына ие болды.

Еуропа елдерінде беделді саналатын алтын медальмен Зейнолла Мүтиевті Ресей және ЕуроОдақ Президенттері бірлесіп қол қойған бағдарлама бойынша Ресей және ТМД елдері аумағында жұмыс істейтін Еуропа ғылыми-өнеркәсіп палатасы марапаттап отыр. Марапатталған профессорлар арасында Л.Рошаль, Л.Бокерия және К.Шахназаров сияқты ғылым, білім және мәдениет қайраткерлері бар.

Ғылым мен өнердегі жетістіктері үшін берілетін бұл жоғары атаққа Зейнолла Мүтиев Ресей журналдарында шыққан 10 ғылыми мақаласы үшін жетіп отыр.

З.Мүтиевтің 300-дей ғылыми жұмысы, 10 монографиясы бар. Түркия елінде жарияланған 4 ғылыми жұмысы да жоғары бағаланған. Ғалым ҚР Білім және ғылым министрлігі белгілеген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауында 2012 жылдың қорытындысы бойынша грант иегері (3,5 млн. теңге) атанған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!