АҚШ-та бұрын белгісіз болған динозаврлардың сүйектері табылды

Фотография - АҚШ-та бұрын белгісіз болған динозаврлардың сүйектері табылды

Американдық Юта штатының аумағында бұрындары белгісіз болған динозавр түрінің сүйектері табылды, деп жазады ВВС.

228 0

Американдық Юта штатының аумағында бұрындары белгісіз болған динозавр түрінің сүйектері табылды, деп жазады ВВС.

Ғалымдар жаңа түрді Nasutoceratops titusi деп атады, өйткені оның трицератопстікіндей мүйізі бар және бас сүйегі де ұқсас. Бұл түр миүйізді, шөппен қоректенетін динозавлралға жатады, ол шамамен 75 миллион жыл бұрын, кейінгі Бор дәуірінде өмір сүрген. Бұл динозаврдың үлкені 2,5 тоннаға дейін жеткен және бұл динозаврлар тобымен өмір сүретін болған.

Ғалымдардың пайымдауынша Nasutoceratops мүйізді динозаврлардың ең ірі түрінің бірі және осы осы топқа жататын ғылымға белгілі түрлердің ішіндегі ең ірі мүйіздісі болғанға ұқсайды.

Қалпына келтірілген динозаврдың скелеті Юта штатының палеонтологиялық мұражайына қойылған. Ашылған жаңалық туралы бірнеше ғылыми басылымдарда мақлалар жарық көруде.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!