Қолдан ұрықтандыруға квотаны қалай қол жеткізуге болады?

Фотография - Қолдан ұрықтандыруға квотаны қалай қол жеткізуге болады?

Заманауи медицинаның жетістігі ретінде танылған қолдан ұрықтандыру арқылы ұрпақ тарату ісі елімізде кең етек ала бастады

299 0

Заманауи медицинаның жетістігі ретінде танылған қолдан ұрықтандыру арқылы ұрпақ тарату ісі елімізде кең етек ала бастады. Әдетте бұл іске денсаулығы нашар немесе ұрпақ тарату мүмкіндігі аз ерлі-зайыптылар жүгінеді. Осы мәселені маңғыстаулық Венера есімді азаматша көтерген екен.

Ол Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Руслан Бектубаевтың блогына жазған хатында: «Қазіргі таңда денеден тыс ұрықтандыру мәселесі бойынша квота бөлінеді деп естідім. Осыған байланысты, бұл квотаны қандай адамдар, қалай алуға болады екен? Квотаны алу үшін қанша уақыт кетеді, дәрі дәрмектер осы квота ішіне кіреді ме? Квота жолдамасын қанша уақыт күтуіме тура келеді?» деп сауал жолдаған.

Бұл сауалға департамент басшысы: «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. «Көмекші репродуктивті әдістер мен технологияларды жүргізу Қағидасын бекіту туралы» 2009 жылғы 30 қазандағы № 627 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 30.03.2011 ж. № 162 қаулысына сәйкес басқарма, бедеулікке шалдыққан адамдарды, пациенттің медицина ұйымдарын еркін таңдау құқығын есепке ала отырып, ТМККК аясында ЭКҰ өткізу бойынша, медициналық көмек көрсетуге мемлекеттік тапсырысқа ие, денсаулық сақтау ұйымдарына, тегін медициналық көмектің кепілді көлемінен (бұдан әрі –ТМККК) бөлінген көлемдер аясында, экстракорпоральды ұрықтандыруды (бұдан әрі – ЭКҰ) жүргізуге жолдау туралы комиссиялық шешім қабылдайды. ТМККК аясында ЭКҰ бағдарламасы бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін Сіз тұрғылықты жеріңіздегі емханаға қаралуыңыз, бедеулік бойынша диспансерлік есепке тұруыңыз, жоғарыда көрсетілген бұйрыққа сәйкес толықтай клиникалық-зертханалық тексеруден өтуіңіз және Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жанындағы ТМККК аясындағы ЭКҰ бағдарламасына пациенттерді комиссиялық іріктеуге қатысуыңыз керек Осыған байланысты Сіз, тұрғылықты жердегі әйелдер консультациясына (емханаға) қаралуыңыз керек» деп кеңес берген - деп хабарлады baq.kz


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!