Кашемирге сұраныстың күрт артуы қар барысына қауіп төндірді

Фотография - Кашемирге сұраныстың күрт артуы қар барысына қауіп төндірді

Таяуда жарияланған зерттеуге сүйенсек, әлемдегі кашемирге деген сұраныстың еселенуі онсыз да жойылудың алдында тұрған қар барысына немесе қар қабыланына қауіп төндіруде

232 0

Таяуда жарияланған зерттеуге сүйенсек, әлемдегі кашемирге деген сұраныстың еселенуі онсыз да жойылудың алдында тұрған қар барысына немесе қар қабыланына қауіп төндіруде.

Бұл туралы БИ-Би-Си хабарлайды.

Кашемирге сұраныстың артуына байланысты соңғы 20 жылда Орталық Азияда көбейтілетін үй кашемир қозыларының саны үш есе жоғарылаған. Нәтижесінде аталмыш қозылар қар барысының табиғи мекендейтін ортасына еніп барады.

Бұл  шөпқоректілерге әсер етіп отыр. Оларға киіктің бөкені (Saiga tatarica), тибеттік бөкен Pantholops hodgsonii), көпшілікке көк қошқар ретінде танымал гималай қошқары (Pseudois nayaur) жатады.

Кашемир қозылары қар барыстарының табиғи ортасында жайылып, олардың азығына ортақтасқандықтан, барыстар қозыларға шабуылдауға мәжбүр.

Өзінің табынын қорғау үшін бақташылар қар барыстарының көзін құрта бастады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!