Кешенді тестілеуден талапкерлердің 63,5 пайызы өте алмады

Фотография - Кешенді тестілеуден талапкерлердің 63,5 пайызы өте алмады

Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығы ақпарат таратты.

275 0

Кешенді тестілеуге қатысқан талапкерлердің 63,5 пайызы тиісті межеден өте алмады.

Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығы ақпарат таратты.

Биылғы кешенді тестілеуге 76 мың 655 орта мектеп, колледж және арнайы техникалық мектептерді бітірушілер қатысқан. Олардың ішінде 48 мың 680 талапкер межелі деңгейден өте алмаған.

Бұл барлық қатысушылардың 63,5 пайызын құрайды. Тестілеу орталығының ақпаратында өткен жылы кешенді тестілеуге 65 мың 439 адам қатысып, оның 65,2 пайызы межелі деңгейден өте алмағаны айтылған.

Биыл 19-22 шілде аралығында өткізілген кешенді тестілеуде «ережені бұзып, аудиторияда тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін 89 талапкер аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылған».


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!