Марстағы өзен арналары тауға жауған қардың еруінен пайда болған

Фотография - Марстағы өзен арналары тауға жауған қардың еруінен пайда болған

Марстағы жазықтық жүйесі 1970 жылдары НАСА-ның "Маринер-9" зондымен табылған болатын. Содан бері ғалымдар бұл жүйені жауын немесе жер асты суларының бетке шығу себебінен пайда болғанындығы туралы бір шешімге келе алмауда.

304 0

Марстағы жазықтық жүйесі 1970 жылдары НАСА-ның "Маринер-9" зондымен табылған болатын. Содан бері ғалымдар бұл жүйені жауын немесе жер асты суларының бетке шығу себебінен пайда болғанындығы туралы бір шешімге келе алмауда.

«Өзен» жазықтықтарының бір бөлігі жер асты суларының бетке шығуынан емес,  миллиардтаған жылдар бұрын Марстың тауларына түскен қардың еруінен пайда болуы мүмкін деген анықтамаға тоқталды Geophysical Research Letters журналына еңбектерін жариялаған АҚШ-тың Браунов университетінің ғалымдары Кэтлин Скэнлон (Kathleen Scanlon) мен Джеймс Хед (James Head).

Скэнлон Жердегі, Гавай аралдарының аймағындағы ауа массаларының қозғалысын зерттеген. Ол жерде тропикалық ылғалды желді аралдың таулары бөгейді, ауа массасы жоғары көтеріледі, дегенмен бөгеттен аса алмайды да жауынның көп бөлігі шығыс жаққа жауады.

Ғалымдар Марста 3-4 миллион жыл бұрын ауа массалары дәл осылай қозғалыс жасаған болуы мүмкін деген болжам жасады. Алайда ол кезде Марста суық болған және жауын орнына қар түскен дейді ғалымдар.

Еңбек авторлары Марстың ежелгі өзендердің арналары қалған оңтүстік бөлінің төрт аймағына зерттеу жүргізіп,  ғаламшардағы атмосфераның жалпы айналамына сүйене отырып әр аймақтағы желдің бағытын есептеген. Артынша қай жерде қар мол жауғанын анықтаған. Нәтижесінде дәл сол аймақта арнаның ізі көбірек болып шыққан.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!