Байқоңырдан «Союз» зымыран тасығышы ұшырылды

Фотография - Байқоңырдан «Союз» зымыран тасығышы ұшырылды

28 шілдеде Байқоңырдан Ресейдің «Прогресс» жүк кемесі тиелген «Союз» зымыран тасығышы ғарышқа ұшты

380 0

28 шілдеде Байқоңырдан Ресейдің «Прогресс» жүк кемесі тиелген «Союз» зымыран тасығышы ғарышқа ұшты.

Ресейдің «Роскосмос» агенттігінің хабарлауынша, «Прогресс» халықаралық ғарыш станциясына жалпы салмағы 2,5 тонна жүкті – отын мен құрал-жабдықтар, оттегі, су, киім-кешек пен азық-түлік жеткізеді. Қазіргі кезде халықаралық ғарыш станциясында алты адамнан тұратын экипаж: «Роскосмостан» – Павел Виноградов, Александр Мисуркин мен Федор Юрчихин (Ресей), АҚШ-тың НАСА агенттігінен – Кристофер Кэссиди мен Карен Найберг және Еуропа ғарыш агенттігінің өкілі, Италия азаматы Лука Пармитано жұмыс атқарып жатыр.

Бұған дейін, 2 шілде күні ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді. Апат салдарынан Байқоңыр ғарыш айлағы маңындағы зымыран тасығыштың улы отынымен ластанған жер көлемі туралы түрлі пікірлер айтылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!