22 жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы кафедралары ашылған

Фотография - 22 жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы кафедралары ашылған

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатыса отырып, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған мәлім етті.

139 0

Еліміздегі 4 мемлекеттік, 9 акционерлік және 9 жеке жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы кафедралары жаңадан ашылып, жұмыс жасауда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатыса отырып, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған мәлім етті.

«2013 жылы ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің Өкімімен Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, 5 маусым күні жұмыс тобының отырысы өтті. Сол ведомствоаралық кеңейтілген кеңестің өткеніне тура 56 күн толып отыр, мен оны арнайы санадым. Осы уақыт аралағында атқарылған жұмыстарға келсек, жұмыс тобының реформаны одан әрі жүргізу мәселелерін жан-жақты талқылаған екі отырысы өтті. Қазақстанда 59 жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы кафедралары жұмыс істеп келсе, 4 мемлекеттік, 9 акционерлік, 9 жеке жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы кафедралары жаңадан ашылып, жұмысқа кірісті», - деп хабарлады Бүркітбай Ғелманұлы.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!