Ғалымдар 500 жылдық мумияның сырын ашты

Фотография - Ғалымдар 500 жылдық мумияның сырын ашты

1999 жылы ғалымдар Анд тауының қойнауынан инк тайпасына тиесілі 13 жасар қыздың мумиясын тапқан болатын. Ұзақ уақыт зерттелген мәйітті ғалымдар 500 жыл бұрын көз жұмған деген болжамын да айтқан. Енді оның неден қайтыс болғандығы да анықталды

171 0

1999 жылы ғалымдар Анд тауының қойнауынан инк тайпасына тиесілі 13 жасар қыздың мумиясын тапқан болатын. Ұзақ уақыт зерттелген мәйітті ғалымдар 500 жыл бұрын көз жұмған деген болжамын да айтқан. Енді оның неден қайтыс болғандығы да анықталды.

Археологтар "мұз аруы" деп атап кеткен осынау мумияны өз заманында аяқ-қолдарын айқастырып жерлепті. Басы болса кеудесіне иіліп тұр. Қыздың үстінде киімі бар, шаштары болса майда етіп өрілген. Мамандар оның денесінен азаптаудың іздерін тапқан жоқ.

Тарихшылар болса жас қызды инк тайпасының өкілдері өз құдайларына құрбандыққа шалған дейді. Бұл ғұрыптарын олар капакоча деп атаған. Желтоқсан айында жүзеге асырылатын бұл дәстүр барысында инкилер жаратушыларына мал, тағам, киім-кешек, бағалы металдар және ең сұлу сәбилерді құрбан еткен екен.

Мумияны ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалымдар бүгінгі таңда өз еңбектерінің нәтижесін шығарды. Олар құрбандыққа шалынған қыз өмірінің соңғы бірнеше күні қалай өткендігін анықтап отыр.

Жасөспірімді тауға алып бармастан бұрын инкилер оны бірнеше күн бойына алкоголь және есірткі беріп баққан көрінеді. Осылайша ересектер жас қыздың сезімдерін біртіндеп өлтіре берген. Ал, өлер шағында "мұз аруы" тіпті мастықтың шыңына шыққан деген болжам айтылуда. Өйткені, ғалымдар мумияның тістерінің арасынан кока жапырақтарының қалдықтарын тапты. Яғни, қайтыс болған сәтке дейін қыз бала сол есірткі жапырағын шайнап жатқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!