Жаһандық жылыну 2050 жылға дейін соғыстар санын 1,5 есеге арттыруы мүмкін

Фотография - Жаһандық жылыну 2050 жылға дейін соғыстар санын 1,5 есеге арттыруы мүмкін

Соғыстар мен қарулы қақтығыстардың, бейберекетсіздіктің саны 2050 жылға қарай бір жарым есеге артуы мүмкін.

341 0

Соғыстар мен қарулы қақтығыстардың, бейберекетсіздіктің саны 2050 жылға қарай бір жарым есеге артуы мүмкін. Басты себеп - жаһандық жылыну. Бұл жайында Science журналында жарияланған мақалада айтылады.

"Қазіргі таңда климат пен соғыстарды байланыстыратын бірнеше гипотез бар. Мәселен, ауа-райының өзгеріп кетуі ауыл шаруашылығы дамыған елдерге теріс әсер ететіні сөзсіз. Ал, жағдайы нашарлаған халықтың қаруға жүгінетіндігі тағы бар. Бұл табиғи құбылыс" дейді зерттеу авторларының бірі Соломон Сян.

Талдау жүргізу үшін ғалымдар климат пен соғыстардың байланысына арналған 60 ғылыми жұмысты негізге алыпты. Олар жеке қақтығыстарды (төбелес, адам өлтіру, зорлық-зомбылық), топтар арасындағы қақтығыстарды (азаматтық соғыс, көтеріліс, ұлтаралық алауыздықтар), сонымен қатар, биліктің алмасуын, өркениеттердің жойылуын қарастырған.

Айта кетейік, ғалымдар зерттеу жұмысында он мың жылдық уақыт кезеңін алып талдаған. Оның қорытындысы бойынша, 2050 жылға қарай онсыз да күн ыстық аймақтарда қақтығыстар көлемі 50 пайызға дейін артуы мүмкін. Егер кейінгі ұрпақ климатқа тез бейімделіп кетсе соғыс отынан құтылуы мүмкін дейді АҚШ ғалымдары.


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!