Ет пен жаңғақ ми жұмысын жақсартады

Фотография - Ет пен жаңғақ ми жұмысын жақсартады

 Бұған америкалық ғалымдар кезекті тәжірибелері арқылы тағы көз жеткізді.

152 0

Ет тағамдары мен жаңғақ ми жұмысын жақсартып, ақыл-есі кемдіктен сақтайды. Бұған америкалық ғалымдар кезекті тәжірибелері арқылы тағы көз жеткізді.

Эксперимент 70 пен 79 жас аралығындағы 200 мың 500 адам арасында жүргізілген. 11 жыл бойы бақылауда болған ол адамдардың 393-і анемияға шалдықса, 89 адамның ақыл-есі дұрыс дамымаған болып шықты.

"Қан аздық ауруымен ауыратын адамдардың 23%-ы 65 және одан жоғары жастағылар. Ол өлім-жітімнің көбеюіне әкеліп соғады" дейді зерттеу жұмысының авторы Кристина Яффе.

Мамандар жоғарыда аталған дерттердің алдын алу үшін дұрыс тамақтану режимін қатаң қадағалап, пайдалы өнімдермен қоректену қажеттігін алға тартты. Олардың қатарына темірге бай: бауыр, жаңғақ, ірі бұршақ, ет тағамдары жатады. 


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!