Бельгия ғалымдары суға кеткен адамдарды балықтардың көмегімен іздемек

Фотография - Бельгия ғалымдары суға кеткен адамдарды балықтардың көмегімен іздемек

Бельгия ғалымдары тұқы балықтарды қаза тапқан адамдарды судан іздеп табуға үйретпек

228 0

Бельгия ғалымдары тұқы балықтарды қаза тапқан адамдарды судан іздеп табуға үйретпек. Бұл үшін ғалымдар балықтарды өліктің иісі сіңіп қалған тағамдармен тамақтандыратын болады. Бұндай бағдарламаны Льеж университетінде ойлап тапқан - деп хабарлады ҚазАқпарат

Үйретілген балықтардың жүрісін бақылап отыру үшін оларды арнайы құрылғылармен жабдықтау жоспарланған. Ғалымдар тұқыларды төмен температураға шыдай алатындықтан, суда аз мөлшердегі ауамен тыныстай алып және қараңғыға тез бейімделетіндіктен таңдап алған. Бұл қасиетке ие балықтар лайланған суларда жоғалып кеткен мәйіттерді іздеуге қолайлы.


Тегтер:

Бельгия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!