Көк шайдың рак жасушаларын бұзатын қасиеті бар

Фотография - Көк шайдың рак жасушаларын бұзатын қасиеті бар

Көк шай жас балалардың ағзасындағы рак жасушаларын бұзатын қасиетке ие. Әлем ғалымдары осылай дейді. Олардың айтуынша, осынау қарапайым сусынның аса қымбат тұратын химиялық емдомнан пайдасы әлдеқайда артық

168 0

Көк шай жас балалардың ағзасындағы рак жасушаларын бұзатын қасиетке ие. Әлем ғалымдары осылай дейді. Олардың айтуынша, осынау қарапайым сусынның аса қымбат тұратын химиялық емдомнан пайдасы әлдеқайда артық.

Көк шай қатерлі ісік дертімен бірге адамды ерте қартаюдан да сақтайтын көрінеді. Австралиялық дәрігер Орацио Витторионың айтуынша, сусын құрамындағы катехин деген зат небәрі үш-төрт күннің ішінде нейробластоманың (балаларда кездесетін қатерлі ісік) жартысын жойып жібереді екен.

Нейробластома - жүйке жүйесін зақымдайтын қатерлі ісік түрі. Ол тек кішкентай балаларда ғана кездеседі. Аталған ауруға 15 жасқа дейінгі балалардың 100 мыңнан бірі шалдығып жатады. Көп жағдайда бұл дерт 5 жасқа дейінгі сәбилерде кездеседі. Оған шалдыққан баланың дамуы әдетте кешеуілдетіп, бойында түрлі кемшіліктер пайда болуы мүмкін.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!