Мәңгілік қозғалтқыш пайда болды

Фотография - Мәңгілік қозғалтқыш пайда болды

Мәңгілік механизм! Шымкентте өнертапқыш еш тоқтаусыз жұмыс істейтін қозғалтқыш ойлап тапты. Басты ерекшелігі сол, мұндай механизм іске қосылғаннан кейін қадағалауды қажет етпейді екен. Әзірге өнертапқыш бұл туындысын патанттеп үлгермепті. Сондықтан жаңалықты жұртшылыққа жарияламай отыр

283 0

Мәңгілік механизм! Шымкентте өнертапқыш еш тоқтаусыз жұмыс істейтін қозғалтқыш ойлап тапты. Басты ерекшелігі сол, мұндай механизм іске қосылғаннан кейін қадағалауды қажет етпейді екен. Әзірге өнертапқыш бұл туындысын патанттеп үлгермепті. Сондықтан жаңалықты жұртшылыққа жарияламай отыр. 

Мәңгілік қозғалтқыштың құрылымы өте қарапайым. Кәдімгі шайтан арбаның дөңгелегі, екі жағынан қойылған тіреуіштер және астындағы орама катушка. Осыдан өңделген ток 12 вольттық аккумуляторларға келіп жинақталады. Еш тоқтаусыз жұмыс істейтін қозғалтқыштың көмегімен үзіліссіз қуат өңдіруге болады.

20 жылдан бері үздіксіз тер төгіп келе жатқан Абдамбай Бұлтанов "ақыры ойымдағы жобаны жүзеге асырдым", - дейді. Айтуынша, энергия көзін үнемдеуде бұл таптырмайтын тапқырлық болып отыр. 25 амперден 12 вольттық энергия туындайды. Үзіліссіз ток жинақтайтын тетік өзінің одан әргі қозғалысына қажетті қуатты алып, ал артығын өзге құрылғыларды қамтамасыз етуге жаратады. Қарапайым механизмнің арқасында 3 сағат ішінде бір аккумуляторды қуаттандыруға болады.

АБДАМБАЙ БҰЛТАНОВ, ӨНЕРТАПҚЫШ:

- Енді қазір біздерде свет өшіп қалған жағдайға пайдаланамыз. пайдаланатын түгі жоқ. Телевизор қосамыз, ешқандай қиналмаймыз. Бұған ешнәрсенің керегі жоқ, бензиннің де, уақыттың да керегі жоқ, қолмен бір айналдырғаннан кейін өзі айнала береді. Электричество қымбат болып кетті ғой бүкіл Қазақстанда. Содан кейін түрлі генераторлар да ұзақ істемейді бізде. Сосын өзімше ойлап, осымен қазір 1,5 жыл болды.

Өнертапқыш бұл механизмді әсіресе, қазіргі энергетикалық дағдарыс алдында ауадай қажет деп есептейді. "Әрбір үйде осындай қозғалтқыш болса, тұтынған қуатына тиын да төлемейді", - дейді. Бұл жаңалығын жұртқа жария етуге де дайын. Бірақ, тек патент алған соң. Дегенмен, мамандар мәңгілік механизмді ойлап табу мүмкін еместігін айтады. Өйткені, бұл физика заңына қарама-қайшы.

БАТЫРБЕК АРАПОВ, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

- Мәңгі қозғалтқыш деген ол түбегейлі мүмкін емес ондай қозғалтқыш жасау. Себебі, қандай да бір пайдалы механикалық энергия алу үшін ол қозғалтқышты қозғайтын энергия көзі керек.

Енді өнертапқыш патент алуы үшін өзінің авторлық жобасын мамандардың алдында қорғап шығуы керек. Ғалымдар сол кезде ғана бұл туындының жұмыс істеу механизмін көріп, оған тиісті бағасын бере алады - деп хабарлады baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!