Апаттан кейін «Протон» зымыранының бірінші ұшырылымы 15 қыркүйекке белгіленді

Фотография - Апаттан кейін «Протон» зымыранының бірінші ұшырылымы 15 қыркүйекке белгіленді

Биылғы 2 шілдеде орын алған апаттан кейін «Протон» зымыран-тасығыштың бірінші ұшырылымы 15 қыркүйекке белгіленіп отыр.

113 0

Биылғы 2 шілдеде орын алған апаттан кейін «Протон» зымыран-тасығыштың бірінші ұшырылымы 15 қыркүйекке белгіленіп отыр.

Ол еуропалық Astra-2E байланыс жерсерігін орбитаға шығаруы тиіс көрінеді. Бұл жайында «Протон» зымыранының маркетингі мен коммерциялық пайдаланылуына эксклюзивті құқыққа ие ресейлік-америкалық Іnternational Launch Services Inc. (ILS) кәсіпорны хабарлады, деп жазады utro.ru.

«Протондардың» басқа ұшырылымдарының кестесі қалыптасу үдерісінде»,-делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2 шілде күні «Байқоңыр» ғарыш айлағында №81 алаңқайдан үш «Глонасс» серігі бар «Протон-М» зымыран-тасығышын ұшыру кезінде апат орын алды. Зымыран жерге құлдилап, жарылды. Комиссияның пайымынша, апатқа бұрыштық жылдамдық құрылғысы дұрыс орнатылмауы себеп болды. Осы апаттаң соң «Протон» ұшырылымы уақытша тоқтатылған еді.


Тегтер:

космос

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!