Смартфондар алыстан көрмеушілікке әкеп соғады

Фотография - Смартфондар алыстан көрмеушілікке әкеп соғады

Адамдардың өмірін жеңілдету үшін жасалған смартфондар, белгілі болғандай, көзге кері әсер етеді екен. Қарапайым ұялы телефондарын смартфондарға ауыстыруы себебінен миллиондаған адамдардың көздерінің алыстан көрмеуіне әкеледі

248 0

Адамдардың өмірін жеңілдету үшін жасалған смартфондар, белгілі болғандай, көзге кері әсер етеді екен. Қарапайым ұялы телефондарын смартфондарға ауыстыруы себебінен миллиондаған адамдардың көздерінің алыстан көрмеуіне әкеледі.

Бұрын ұялы телефондарды қолданудың екі мақсаты ғана болды - қоңырау шалу және хабарлама жіберу. Кішкентай экранға адамдар күніне 2-3 минут қана қарады. Ал смартфондар интернетті керегінше пайдаланып, ұзақ хаттар жазып, фильмдер мен суреттер көруге мүмкіндік берді. Нәтижесінде адам смартфонның экранына сағаттап қарап отыра береді.

Офтальмолог профессор Дэвид Аллабами 1997 жылдан бастап алғашы смартфондар саудаға түсе бастағанда, көздері алыстан көрмейтін науқастардың саны 35 пайызға артқандығын атап өтті.

Ғалымның есептеуі бойынша, алдағы он жылда бұл көрсеткіш 50 пайызға артады. Ал 2033 жылға қарай жер шарының 30 жасқа дейінгі аралықтағы жартысы алыстан көрмейтіндей жағдайға жетеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!